Bilimdi damytý , taratý, jeke tulǵ anyń tabysty bolashaq qurý áleýetin ashý jáne qanattandyrý!
AA+
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған  қ., Қаблиса жырау№211/2 Блок-Б.,
8 (7282) 40-10-87
8 (7282) 31-83-87
8 (7282) 41-61-51
8 (7282) 31-80-50
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
Bilimdi damytý , taratý, jeke tulǵ anyń tabysty bolashaq qurý áleýetin ashý jáne qanattandyrý!
«ЖОББ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ТАЛДЫҚОРҒАН АГРАРЛЫҚ - ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ МКК
AA+

Кітапхана меңгерушісі: Қалимұратова Саяжан Сембекқызы
Телефон номері: 87014250459
Электрондық мекенжайі: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

1987 жылы Сарқант мәдени ағарту училищесін кітапханашы маманадығы бойынша бітірген.

1994 жылы Қазақ қыздар педагогтік институтының тарих - кітапхнашы факултетінің толық курсын «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша бітірді.

1987 - 1992 жылдар аралығында Облыстық С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасында оқу залының кітапханашысы, кітап қорын жинақтау және өңдеу бөлімінің кітапханашысы, 1 жәрежелі библиограф қызметерін атқарды.

1993 -1998 жылдары Облыстық С.Сейфуллин атындағы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі

2003 жылы Талдықорған ОКЖ –нің №3 кітапхана –филиалының меңгерушісі

2004 жылы В.Маяковский атындағы орталық кітапхнаның әдіскері

2005 жылы Алматы облыстық С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасының әдістеме бөлімінің әдіскері

2006 жылы Облыстық С.Сейфуллин атындағы кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі.

2007 жылдың қазан айының 22 - сінен бастап Талдықорған агротехникалық колледж кітапханасының меңгерушісі қызметін атқаруда.

Саяжан Сембекқызы осы жылдар арасында өзінің білімін жетілдіру мақсатында 2011 жылы республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы базасында «Инновоциялық кітапханалық - ақпараттық технология –кітапхана ісінің сапалы жаңаруы», 2014 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы КазҰТУ ғылыми кітапханасы ұймдастырған «Кітапхана қызметінде қор жинақтау және автоматтандыру мәселелері» шеңберінде біліктілік деңгейін көтеру әдістемелік сабағына және басқа да біліктілігін көтеру сабақтарына қатысып білімін жетілдіруде.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Құрмет Грамотасымен, «Талдықорған « газетінің таралымын арттырғаны үшін «Алғыс хатпен», колледждің қоғамдық іс - шараларына қатысып,кітапхана жұмысындағы белсенділігі үшін «Мадақтама Грамотасымен» марапатталған.
Білім беру әдістемелік орталығы «New Opportunities» ЖШС Республикалық қашықтықтан өткізілген «Шығармашыл кітапханашы - 2018» байқауында «Кітапхана партфолиясы» номинациясының ГРАН - ПРИ жүлдегері атанды.

Қалимұратова Саяжан Сембекқызы оқырмандарға сапалы қызмет көрсетуді жетілдіру, кітапхана жұмысында жаңашылдықты енгізу бағытында өз еңбек жолын абыроймен атқарып келеді.

Кітапханашысы: Еркимбекова Шолпан Сахатқызы
Телефон номері: 87758543087, 87073964197
Электрондық мекен жәйі: Erkimbekova_ Sholpan @ mail.ru

2003 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің биология мамандығы бойынша бітірді.

2003 - 2008 жылдар аралығында Талдықорған қаласы № 4 орта мектепте, және Қ. Байсов атындағы саз колледжінде биология пәнінен оқытушы
қызметін атқарды.

2008 жылдың қыркүйек айының 9 - нан бастап Талдықорған Агротехникалық колледжі кітапханасының кітапханашысы ретінде қызмет атқаруда.
Шолпан Сахатқызы осы жылдар арасында өзінің білімін жетілдіру мақсатында 2013 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін «кітапхана ісі» мамандығын тәмәмдады.

Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «27 желтоқсан 2013жылы» № 530 - ө бұйрығы бойынша G - 9 ( тоғыз) категориялық кітапханашы Күәлігі берілді.

2014 жылы Алматы қаласында Алматы облысы техникалық колледждер кітапханаларының әдістемелік орталығы Қ И Сәтбаев атындағы КАЗҰТҰ ғылыми кітапханасында « Кітапхана қызметінде қор жинақтау және автоматтандыру мәселелері шеңберінде» біліктілік деңгейін көтеріп әдістемелік сабағына қатысып СЕРТИФИКАТ берілді.

2016 жылы Республикалық әскери - патриоттық « Қазақстан патриоты » журналының ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай республика кітапханашыларының арасында ұйымдастырылған « ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛ ТІЛЕГІ !» атты шығармашылық байқауында БАС ЖҮЛДЕ берілді.
2016 - 2017 оқу жылында Облыстық колледжер арасындығы «Үздік колледж » байқауында жүлделі ІІ орын иегері берілді.
2017 жылы « Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Ақпараттық технологиялар орталығы» « Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында СЕРТИФИКАТ берілген.

Кітапхана жұмысының негізгі мақсаты – адамға рухани байлық сыйлап, ғылым мен білімнің терең сырымен сусындату болса, еліміздің болашағын жасайтын жастар білімі мен қатар шығырмашылық қасиеті жоғары, өзіндік көзқарасы бар, елге тұлға болатын азамат болу керек екендігін жақсы түсіне отырып, қоғам қайраткері Ә. Кекілбаев аитқандай « Мен кітапханашы ақыл –білім , адамгершілік ордасы деп білемін» дегендей кітапханаға кірген әрбір оқырманға білім шуағы мен қатар, көніл шуағын да шашып ,мейірімді, игілікті істер қоғамға әр дайын кажет деп санаймын. Білім бұлағының қайнар көзі – колледж кітапханасы саркылмай , өрлеп , өркендей берсін дегім келеді.