Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары: Тойлыбаева Ғалия Несипбаевна
Туған күні: 27.12.1966 ж
Білімі жоғары, І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті: тарих және география пәндерінің мұғалімі.
Байланыс телефондары: 8 (707) 420-98-52
Эл.адрес:
Тәрбие заңдылықтары, мақсаттары, міндеттері, қағидалары
Тәрбиенің мақсаты: рухани байлықты, моральдық тазалықты, дене бітімін жетілдіруді, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді, ұлттық сәйкестікті, білімнің табынуын, эволюциясы мен сана-сезімінің ашықтығын, әлеуметтік рөлдердің жүйесін толықтай орындауға қабілетті, XXI ғасырдың лайықты өмірін қалыптастыруға қабілетті жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Тәрбиенің міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым және практикалық жетістіктер негізінде тұлғаның дамуы мен құруды қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайларды жасау;
2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімдік қабілеттерін дамыту, моральды, салауатты өмір салтын нығайту негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту, сыни ойлау және функционалдық сауаттылықты (компьютерлік, цифрлық, математикалық, жаратылыстану, оқу сауаттылығын) дамыту үшін жағдай жасауда өзбетінше шешім қабылдау проблемалары арқылы интеллектіні байыту;
3) Қазақстан Республикасының Отанға деген махаббатын, азаматтылықты және отансүйгіштікті тәрбиелеу, мемлекеттік символдар мен ұлттық дәстүрлерге деген құрмет, кез келген конституцияға және қоғамға қарсы жағдайларда қарсылық таныту;
4) еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, тұлғаның өз құқығын және міндетін сезінуді қалыптасытру;
5) отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне қосылу; қазақ халқының және басқа да халықтардың тарихын, салт-дәстүрін зерттеу; мемлекеттік, ресми және шет тілдерін білу;
6) психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті және ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру, жастарды дені сау отбасын құруға даярлау, отбасы институтын нығайтуда саналы атсалысу;
7) әлеуметтік маңызы бар балалық, отбасылық және ата-аналық бастамаларды, балалардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметін дамыту және қолдау;
8) тұлғаның экономикалық ойлауын дамыту және кәсіби қалыптасуға саналы қатынасын және өзін-өзі жетілдіруге; табиғатты сақтауда белсенді азаматтық жағдайды; экологиялық сауаттылықты және мәдениетті ұстану;
9) бала тәрбиесінде жалпы және қосымша білім беру жүйесінің рөлін арттыру; сондай-ақ, денешынықтыру және спорт, мәдениет саласындағы ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру;
10) бала тәрбиесі саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру;
11) балалардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру.
Тәрбиенің негізгі мазмұнын жаңартудың басым бағыттары
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының әр бағыты қоғамдық сананы жаңғыртудың барлық негізгі бағыттарын ескере отырып жүзеге асырылады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отырып, тәрбие жұмысының барлық бағыттарына енеді:
1) Жаңа Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
2) Рухани-адамгершілік тәрбие
3) Ұлттық тәрбие
4) Отбасылық тәрбие
5) Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6) Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
7) Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
8) Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.