Bilimdi damytý , taratý, jeke tulǵ anyń tabysty bolashaq qurý áleýetin ashý jáne qanattandyrý!
AA+
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған  қ., Қаблиса жырау№211/2 Блок-Б.,

8 (7282) 40-10-87
8 (7282) 31-83-87
8 (7282) 41-61-51
8 (7282) 31-80-50
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
Bilimdi damytý , taratý, jeke tulǵ anyń tabysty bolashaq qurý áleýetin ashý jáne qanattandyrý!
«Талдықорған жоғары аграрлықтехнологиялық колледжі»
«Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
AA+

Миссия және көзқарас

Жаңа буын бағдарламаларын әзірлеу, құзыреттілік тәсіл негізінде дуальды оқыту жүйесін енгізу мақсатында колледждер желісін құру инновациялық модель болып табылады. Мұндай модельді құру білім мазмұнын, оқыту әдістемесін, ғылым мен өндірісті біріктіруді өзгертуді талап етеді.

Колледждің миссиясы оның түпкілікті нәтижеге бағытталған қызметінің мәнін білдіреді, колледж мәртебесін, оның жұмыс принциптерін және басшылықтың ниетін жариялайды.

Колледждің миссиясы: білімді дамыту, тарату, жеке тұлғаның табысты болашақ құру әлеуетін ашу және қанаттандыру.

2. ПАЙЫМ: ұлттық экономиканың өсімін қолдауға бағытталған жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді енгізу жағдайында еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес жоғары білікті жұмысшы мамандар мен агротехникалық бағыттағы орта буын мамандарын даярлайтын, Қазақстандағы бәсекеге қабілетті жетекші оқу орны болу.

Негізгі құндылықтар
Білім – ақпараттық қоғам жағдайында білім жеке тұлғаның және қоғамның дамуын айқындайтын абсолютті құндылық.

Сапа – уақыт, қоғам және мемлекет талаптарына сай жоғары кәсіби құзыретті мамандарды даярлау.

Инновация – әлемдік білім беру, ғылыми және мәдени интеграция кеңістігіне кірігу, жаңа технологияларды үздіксіз енгізу.

ДАМУ МОДЕЛІ:
Колледждің даму моделі келесі негізгі факторларға негізделеді:

менеджмент – стратегиялық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін тиімді басқару;
маркетинг – еңбек нарығы мен өңірлік экономиканың сұранысын тұрақты талдау;
оқу процесінің технологиясы – кредиттік оқыту технологиясына кезең-кезеңімен көшу, дуальды оқыту жүйесін дамыту;
Әлеуметтік жауапкершілік: Қоғамның игілігі үшін қызмет ету.

Кадр саясаты – стратегиялық мақсаттарға сәйкес кәсіби, білікті және жаңашыл педагогикалық ұжым қалыптастыру;

Қаржы саясаты – білім беру қызметін әртараптандыру арқылы қосымша қаржы көздерін тарту және тиімді ынталандыру жүйесін қалыптастыру.


Миссия

Біз аймағымыз бен еліміздің индустриялық дамуына, білім берудің инновациялық тәсілі негізінде бәсекеге қабілетті агро-техникалық бейіннің маманын дайындауда қоғам мен бизнестің қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы білім беру қызметін ұсынатын колледжбіз.

Колледждің пайымдауы: ұлттық экономиканың экономикалық өсуін қамтамасыз ететін жоғары технологиялық және ғылымды көп қажет ететін өндірісті енгізу жағдайында еңбек нарығының ағымдық және болашақ қажеттіліктеріне сай агротехникалық бейіннің бәсекеге қабілетті орта буын маманы мен жұмысшы мамандықтарының мамандарын дайындау саласындағы Қазақстанның жетекші оқу орны болу.

Колледж стратегиясы

Дамудың басым бағыттары болып:

  • техникалық және кәсіптік білім берудің сапасын мемлекет пен қоғамның, жеке тұлғаның болашақтағы қажеттілігі мен өзектілігіне сәйкес болуы мен беріктігін қамтамасыз ету.
  • аймақтың еңбек нарығының нақты қажеттілігіне сәйкес мамандарды даярлау;
  • Оқудың тиімділігін, сапасын, қолжетімділігін қамтамасыз ететін оқу ортасын дамыту;
  • колледжі басқарудың жүйесін жетілдіру;
  • мемлекет мүддесіне жастардың әлеуетін дамыту және іске асыру;
  • заманауи технологияларды, білім беру бағдарламаларын енгізу;
  • оқудың модульдік және дуальді жүйесін дамыту;

Бұл басымдықтар ұлттық экономиканың даму басымдықтарымен үндеседі. Дамудың болашағы мен негізгі бағыттары "Талдықорған агротехникалық колледжі" МККМ

2018-2023 жылдарға арналған дамудың Стратегиялық жоспарына 5 жылдық мерзімге қойылды.

ТАТК-ның даму мақсаттары мен стратегиялық басымдықтарын анықтауда келесідей стратегиялық сипаттағы құжаттар қолданылды, олар мемлекеттің кәсіптік білім беруді және оның қоғамдағы рөлін дамытудың жалпы желісін көрсетеді:

  • Мемлекеті Басшысының Қазақстан халқына 17.01.2014 жылғы Жолдауы: "Қазақстан жолы- 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ";
  • Мемлекеті Басшысының Қазақстан халқына 11.11.2014 жылғы Жолдауы: «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»;
  • Мемлекеті Басшысының 04.2017 жылғы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы;
  • Қазақстан Республикасының "Білім туралы Заңы" 27 маусым 2007 жыл;
  • "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары";
  • "Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы";
  • "Алматы облысының территориясын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған Бағдарламасы";

Осылайша, ТАТК миссиясы, пайымы және стратегиясы колледждің Қазақстанның білім беру кеңістігіндегі орнын бейнелейді, ұлттық басымдықтармен үндесетінін, мүдделі тараптардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталғанын, сондай-ақ колледж стратегиясының даралығы мен бірегейлігін көрсетеді.

Стартегиялық бағыттары:

  • "Нұрлы жол" Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында мамандарды даярлаудың жоғарғы деңгейіне қол жеткізу;
  • Мамандарды айматың экономикасының өндірістік қажеттілігінің картасын ескере отырып дайындау;
  • оқытудың инновациялық технологияларын енгізу: кредиттік оқыту технологиясы, дуальді оқыту жүйесі, модульдік бағдарламалар;

Әлеуметтік серіктестікті кеңейту, оқу үдерісінің траекториясын қалыптастырып, олардың кадр дайындау мәселесіндегі сұраныстарын ескеру үшін жұмыс берушілермен тығыз байланыста болу