Bilimdi damytý , taratý, jeke tulǵ anyń tabysty bolashaq qurý áleýetin ashý jáne qanattandyrý!
AA+
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған  қ., Қаблиса жырау№211/2 Блок-Б.,
8 (7282) 40-10-87
8 (7282) 31-83-87
8 (7282) 41-61-51
8 (7282) 31-80-50
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
Bilimdi damytý , taratý, jeke tulǵ anyń tabysty bolashaq qurý áleýetin ashý jáne qanattandyrý!
«ЖОББ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ТАЛДЫҚОРҒАН АГРАРЛЫҚ - ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ МКК
AA+

Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары: Өтегенов Ғани Байғалиұлы

Туған күні: 13.10.1997ж

Білімі жоғары, Ілияс Жансүгіров атындағы мелекеттік университеті: педагогика ғылымдарының магистрі, информатика.

Байланыс телефондары: 8 (778) 937-18-71

Эл.адрес: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.         

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымын ақпараттандыру процесін, оның ресурстық қамтамасыз етілуін, оқыту және басқару қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалануды іске асыруды ұйымдастырады. Оқу процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізеді және пайдаланады. Оқыту және басқару қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланысты орнатады.

Жұмыстың тиісті бағыттарының кадрларын іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, оларды басшыға ұсынады.

Ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагог және басқару кадрларын оқытуды ұйымдастырады. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында әдістемелік, зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастырады және жоспарлайды.

Оқу-материалдық базаларды сақтауды қамтамасыз ету және толықтыру, қызмет көрсету, жөндеу және оның есебі бойынша жұмысты ұйымдастырады. Санитариялық-гигиена режимдері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерінің сақтауды қамтамасыз етеді. Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытында жасауды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, ақпараттық технологиялар бойынша қазіргі заманғы ғылым және тәжірибе жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.