Bilimdi damytý , taratý, jeke tulǵ anyń tabysty bolashaq qurý áleýetin ashý jáne qanattandyrý!
AA+
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған  қ., Қаблиса жырау№211/2 Блок-Б.,

8 (7282) 40-10-87
8 (7282) 31-83-87
8 (7282) 41-61-51
8 (7282) 31-80-50
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
Bilimdi damytý , taratý, jeke tulǵ anyń tabysty bolashaq qurý áleýetin ashý jáne qanattandyrý!
«Талдықорған жоғары аграрлық-технологиялық колледжі» ШЖҚ МКК
«Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
AA+

Талдықорған агро-техникалық колледжі студенттерінің қауымдастығы:

  • Колледж 2022 жылға дейінгі даму стратегиясы және миссиясын жүзеге асырудағы өз жауапкершілігін сезіне отырып,
  • Қазақстан Республикасындағы аграрлық білім берудің көшбасшысы ретінде Талдықорған агро - техникалық колледж имиджін және корпоративті мәдениетін дамыту мен қолдауды өзінің міндеті ретінде санай отырып,
  • Колледж студенттері, оқытушылары, қызметкерлері және кәсіптік - техникалық білім беру орнының әкімшілігі арасында шынайы демократиялық қарым - қатынастар жүйесін қалыптастыруға ұмтыла отырып,

Талдықорған агро - техникалық колледж студентінің осы

Ар-намыс Кодексін қабылдайды және оны қалтықсыз орындауға міндеттенеді.

1 - бап.
Колледж студенті Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, ТАТК Жарғысын, ішкі тәртіп Ережесін, студенттер үйінде тұру Ережесін, Колледж оқытушылар құрамының, қызметкерлері мен студенттерінің этикалық Ережесін және оқу-тәрбие үдерісін реттейтін басқа нормативті - құқықтық актілерді сақтауға міндеттенеді. 
2 - бап.
Колледж студенті Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, ұлттық құндылықтар мен мәдениетті, Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу тарихын біледі және қастерлейді, колледж дәстүрлерін кіршіксіз сақтап, құрметтейді.
3 - бап.
Колледж студенті басқа студенттермен, оқытушылармен және қызметкерлермен, әкімшілікпен қарым - қатынас барысында ізеттілік, кішіпейілділік және ұқыптылық танытады. 
4 - бап. 
Колледж студенті кез - келген азаматтың шығу тегі мен ұлтына, әлеуметтік дәрежесіне, діни немесе дүниетанымдық ұстанымдарына қарамастан құрметпен қарайды, ұлтаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі идеясы мен қағидаттарын насихаттайды.
5 - бап. 
Колледж студенті өзінің оқу міндеттерін қатаң орындайды, төмендегідей академиялық, этикалық және құқықтық нормаларды бұзушылыққа жол бермейді:

  • плагиат,
  • алдау,
  • білімді бақылаудың барлық деңгейлері мен түрлерінен өту барысында шпаргалка пайдалану, көшіру және біреуден сұрау;
  • жоғары баға алу үшін туысқандық немесе қызметтік байланыстарды пайдалану;
  • пара беру;
  • оқытушыны алдау және оны сыйламау;
  • сабақтарды себепсіз жіберу және кешігу.

6 - бап. Колледж студенті Қазақстанның болашақ экономикалық, саяси және басқару элитасына лайықты сапалы және бәсекеге қабілетті білім алу идеясын насихаттайды.
7 - бап.
Колледж студенті колледж мүлкінің сақталуына қамқорлық жасайды және колледж аумағында құқық бұзушылықтардың орын алуына жол бермейді.
8 - бап.
Колледж студенті колледждің кітапханалық - ақпараттық ресурстарына ұқыпты қарайды және бұл ресурстарға қатысты салғырт қараушылық пен нұқсан келтірушілікке жол бермейді.
9 - бап. 
Колледж студенті ұқыпты киінеді. Оның сыртқы түр - келбеті зайырлы қоғамның жалпыға ортақ этикалық нормаларына сәйкес келеді.
10 - бап. 
Колледж студенті салауатты өмір салтын ұстанады, өзінің мәдени, адамгершілік және тұлғалық даму деңгейін жетілдіруге ұмтылады, колледждің қоғамдық - мәдени, ғылыми және спорттық өміріне белсене атсалысады.
11 - бап. 
Колледж студенті колледжге және оның аумағынан тыс жерлерде де құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуге тиіс.
12 - бап.
Колледж студенті елдегі тәртіптің тұрақсыздануына әкеп соғатын ақпараттың таратылуына жол бермеуі, сондай - ақ заңмен рұқсат етілмеген жиналыстарға, демонстрацияларға, митингілерге, ереуілдерге, акцияларға және шерулерге қатыспауы тиіс.
13 - бап.
Колледж студенті колледж мүддесіне қайшы келетін және оның имиджі мен беделіне нұқсан келтіретін кез - келген іс - әрекетке қатысудан бой тартады.
14 - бап.
Колледж студенті студенттік қоғамдастыққа кіретінін мақтаныш тұтып, корпоративті біртұтастық сезім қалыптастырады.
15 - бап.
Колледж студенті аталған Кодекс ережелерінің бұзылуын байқаған сәтте оны өз күшімен түзетуге тырысады, ал мұндай әрекет мүмкін болмаған жағдайда бұл келеңсіздіктер туралы студенттік өзін - өзі басқару ұйымдарына немесе Колледж әкімшілігіне хабарлауға құқылы.