Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қабылдаудың маңыздылығы атап өтілді. Кездесуде департаментпен іске асырып жатқан "Жетісу адалдық алаңы" жобалары, "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" платформасының мүмкіндіктері, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығының жұмысы туралы ақпарат берілді.
Кездесу соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетіліп, қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.