12.10.2018ж. Ш.Уәлихановтың Алтынемел мемлекеттік мемориалдық музейі 1985 жылы ғалымның туғанына 150 жыл толуына орай ашылды. Музей құндылықтары ұлы ғалымның өміріне байланысты үш бөлімге бөлініп жинақталған. Ол бөлімдер «Шоқан Уәлиханов және ол өмір сүрген уақыт», «Ш.Уәлихановтың ғылыми қызметі», «Шоқан мәңгі бізбен бірге» деп аталады. Музей экспозициясында Ш.Уәлихановтың өміріне қатысты құнды жәдігерлерлер қойылған. Олардың арасында ғалымның Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатай өлкелеріне жасаған саяхаттарының карталары, салған суреттері орын алған.
Музей экспозициясында Шоқанның өзі тұтынған заттары да қойылған. Жастары белсенді елдің болашағы жарқын.Осы орайда Талдықорған агро-техникалық колледжінің белсенді студенттерімен ұлағатты ұстаздары Ш.Уәлиханов мұражайына келіп, ғалымның өмірімен ,мұражай жәдігерлерімен танысып,өздерінің рухани құндылықтарын одан әрі арттырып қайтты.