13.02.2017ж. 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихы және 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі туралы білімдерін тереңдету. Шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделік қасиеттерін дамыту, студенттерді қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу. Отанымыздың жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту мақсатында «ЭКСПО-2017» көрмесі аяында «Әнұранды бірге шырқайық!» атты ақция өткізілді. Акцияға 231, 235 топ студенттері қатысып, флешмоб биледі.
Қазақстан Республикасының Призиденті-ЕлбасыН.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауымен тағы да жақын танысып, қолдау мақсатында 331 топ жетекшісі М.Н.Талданбаеваның ұйымдастыруымен «Жолдау – жаңғырудың жаңа жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған тәрбие сағаты өтті.