13.09.2018 жылы Колледжде бітіруші топ студенттерімен Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 – қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты дәстүрлі жолдауында «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыруды, 5 әлеуметтік бастамасының «Шағын несие беруді көбейту» бағыты бойынша « Тегін кәсіптік техникалық білім - болашақ кепілі» тақырыбында «Даму» АҚ, «Қазагро» қаржылық орталығы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен кездесу өтті.
Алғы сөзді «Тегін кәсіптік техникалық білім- болашақ кепілі» атты баяндамасымен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Әбен Рахметбайұлы Жұманбаев бастады.
Кездесу барысында Жанар Мухамеджанова - «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің эксперті, Ернар Мырзабайұлы – «Қазагрофинанс» АҚ кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бас маманы, Досхан Сәттібаев – «Даму» клиетнтерге қызмет көрсету менеджері студенттерге Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы бойынша болашақта аталған бағдарлама бойынша мамандық алып, өз кәсібін ашқысы келетін жастарға көрсетілетін көмек туралы түсініктемелер берді.
Кездесу соңында студенттер қонақтарға өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, толық жауаптарын алды.