Bilimdi damytý , taratý, jeke tulǵ anyń tabysty bolashaq qurý áleýetin ashý jáne qanattandyrý!
AA+
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған  қ., Қаблиса жырау№211/2 Блок-Б.,
8 (7282) 40-10-87
8 (7282) 31-83-87
8 (7282) 41-61-51
8 (7282) 31-80-50
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
Bilimdi damytý , taratý, jeke tulǵ anyń tabysty bolashaq qurý áleýetin ashý jáne qanattandyrý!
«ЖОББ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ТАЛДЫҚОРҒАН АГРАРЛЫҚ - ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ МКК
AA+

16.02.17ж. Студенттерді тәрбиелікке инабатылықа, жауапкершілікке, мейрімділікке баули отырып мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі мен құқығы жайында насихаттау. Сонымен қатар мемлекет үшін әрбір адамның алатын орнының маңызы мен рөлін түсіндіру мақсатында 257 топ жетекшісі Хасен Айгерімнің ұйымдастыруымен  атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына Орталық «Нұр» мешітінің найб имамы – Данағұлов Алмас Сағидоллаұлы, Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасының Батыс қалалық полиция  Жергілікті полиция қызметінің №7 учаскілік полиция лейтинанты – Саржанов Айдын Серікханұлы мен Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасының Батыс қалалық полиция  Жергілікті полиция қызметінің ювеналді полиция тобының  учаскілік полиция капитаны Мырзакулов Дастан Маликжанұлы қатысты.

Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Азаматтық, әкімшілік, еңбек, қылмыстық құқық негіздерінен қазіргі заман адамына ең қажеттерін іріктеп ала білуге үйрету, құқықты білуге, құрметтеуге, орындауға дағдыландыру, бала құқығы туралы білімдерін кеңейту. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігін түсіндіріп, құқықтық сауатқа тәрбиелеу мақсатында 153 топ жетекшісі М.Т.Ержигитованың ұйымдастыруымен «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел-пікірталас өтті. Дөңгелек үстелге Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасының Батыс қалалық полиция Жергілікті полиция қызметінің ювеналді полиция тобының учаскілік полиция капитаны Мырзакулов Дастан Маликжанұлы мен 153 топ ата-аналары қатысты.