Талдықорған агро-техникалық қолледжінде сатушысы жоқ "Адалдық дүкені" ашылды. Мұнда затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болады.ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.
Соның бірі, "Адалдық дүкенін" ашу бастамасы. "Адалдық дүкені" жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылды. Мұнда оқытушылар мен студенттер өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болады.