Алматы облысы Білім басқармасының "Әдістемелік кабинеті" МКҚК ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 23 ақпанында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің базасында өткен "Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі- жаңаша білім берудің сапасын қамтамасыз етудің шарты" тақырыбындағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері оқытушыларының V облыстық педагогикалық оқуларына" Талдықорған агро-техникалық колледжінің ветеринария бөлімінің арнайы пән оқытушысы, "Жылдың үздік педагогі- 2017" республикалық байқауының жүлдегері Серік Тұрсынбек жас мамандар секциясында өзінің оқыту тәжірибесімен бөлісті.
Тәжірибелі маман "Жас мамандардың кәсіптік шеберлігін жетілдіруде жаңа әдістердің рөлі" тақырыбына шебер-класс өткізді. Серік Тұрсынбек қатсушылардың өздері қолданып жүрген оқыту тәсілдерінің қаншалықты тиімді екені жайлы ойлануы үшін, миға шабуыл ретінде "Оқу пирамидасын" ұсынды (АҚШ Ұлттық оқу зертханасы зерттеулерінен). Бұл пирамида қатысушылардың лекция, кітап оқу арқылы алған ақпаратты оқушылардың есте сақтауының орташа пайыз көрсеткіштерінің өте төмен деңгейде екенін жеткізді. Ақпаратты есте сақтаудың тиімді әдістеріне талқылау, практика, біреуді оқытуы сияқты белсенді тәсілдер жатаны туралы мәлімет алды. Бұдан кейін шебер мұғалім белсенді оқытудың "5W сұрақ" (Кім, не? Қайда? Қашан? Қалай? Неге?) стратегиясын тәжірибеде қолданудың жолын көрсетті, сол арқылы сабақ үстінде тиімді қолданылған сұрақтардың оқытудың мықты құралы бола алатынына көз жеткізді. Сондай-ақ, бүгінгі бағалау түрлерінің, қағидаттарының, тәсілдерінің түбегейлі өзгеруін ескеріп, формативті бағалаудың критерий арқылы өзін өзі бағалау парағының бір үлгісін қолданды. Жас мамандар үшін бұл шебер-класс пайдалы болғаны олардың "Екі жұлдыз, бір тілек" әдісімен берген кері байланысынан көрінді. Әріптесімізге алдағы еңбек жолына шығармашылық даму тілейміз.