«Болашақ» жастар ұйымының бір топ еріктілері еңбек ардагері Мәметова Рая апамыздың үйіне барып қол үшін берді. «Жас келсе-іске» демекші ерікті жігіттер барынша кеше жауған даланың қарын тазалап,көз әйнегіндей жылтырап жерге төселген мұздың дымын қалтырмай ойып тастады. Мақсаттары атақ пен абыройға кенелу емес, ақ жаулықты әжеміздің көңілін көтеріп, батасын алу. Ойлары орындалды. Әжеміз көздеріне жас алып, ризашылығын батасымен жеткізді.