«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты елбасымыздың жолдауымен Талдықорған агро – техникалық колледжінің, колледж ішілік «Болашақ» жастар ұйымы да кезектен тыс ашық үстел өткізіп, болашақта елімізді қандай жарқын сәттер күтіп тұрғандықтарымен танысты.
Ашық үстел барысында колледж жастар саясатының жетекшісі Бақберген Нүсіпханұлы елбасымыздың 25 жылдық даму кезеңінде еліміз үшін жасалған ерең еңбектері атап өтілді. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өткендігіміз жайлы айтылды.
Биыл Астанада «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі өтетіндігі және сол көрмеде Қазақстанның түкпір – түкпірінен студенттерден құралған еріктілер тобы құрылып жатқандығы туралы ескертілді. Әлі де еріктілер тобының қатарына қосылуға болатындығы және әлемдік деңгейдегі іс – шараға Алматы облысының жастары атынан белсенді түрде атсалысуға шақырды.
«Болашақ» жастар ұйымының белсенді мүшесі Солткен Қанат жолдаудан алған өзінің ой қорытындысымен бөлісті. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты елбасымыздың жолдауына куә болдық. Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңін абыроймен өткерді. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 – жылдық мерейтойында атап өттік. Елбасымыздың кезекті жолдауы жаһандық бәсекелестіктің өсуі мен әлемдегі тұрақсыздық жағдайында үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойылды. Біз жастар, яғни Талдықорған агротехниклық колледжінің студенттері елбасымыздың жолдауын тыңдай отырып, қазіргі жахандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашақа, « Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ деп сенеміз.
Елбасы жолдауының 4-ші кешенді міндетінде « Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек » – деген болатын. Яғни біздің окып жатқан мамандықтарымыз Қазақстанның агрөнеркәсіп кешенінің болашағына зор үлесін қостындығына сеніміз мол екендігін жеткізгіміз келеді. Тәуелсіз Қазақстан 25 жылдық даму жолынан өтті. Біз жастар, алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұрғандығына зор сенім артамыз.
Күні кеше ғана жабылу салтанаты болған «Алматы Универсиада – 2017» спорт ойындарының біздің елде өткендігін білеміз. Оған 57 мемлекеттен 2 мыңнан астам спортшы мен делегация мүшелері қатысқан болатын. Осының барлығы Қазақстанның халықаралық аренада жоғары беделге ие болғанын және саясатымыздың дұрыстығын көрсетеді. Елбасымыз өзінің жолдауында «төртінші өнеркәсіптік революция басталды» – деген болатын. Яғни, экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың пайда болтындығын байқаймыз. Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Жолдау барысында «3D – притинг, онлайн сауда», мобилді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек» – деді елбасы.
Біздің қазіргі таңда оқытып жатқан мамандықтарымыз болашаққа цифрлық технологияны еркін меңгеруге және цифрлық индустрияны дамытуға жол ашады. Елбасымыз өзінің жолдауында «ЭКСПО – 2017» нысандарының бірінің базасында ІТ – стартаптар халықаралық технопаркін құруды тапсырған болатын. Ол біз үшін, яғниболашақ жастар үшін ақпараттық технология көздерін еркін меңгеріп, экономиканың технологиялық жаңғыртылуына және оқуды аяқтағаннан кейін білікті маман ретінде отандық ақпараттандыру компанияларында жұмыс жасауға жол ашады.
Колледжіміздің жастар саясатының жетекшісі Бақберген Нүсіпханұлы жолдауға арналған дөңгелек үстелді келесідегідей сөздерімен аяқтады: «Елбасымымыздың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы өскелең ұрпаққа бұдан да өсіп – өркендеген елге айналатындығымызға және де біз жастар, өзімізге артылған сенімді үлкен жауапкершілікпен орындайтындығымызға зор сенім білдіргіміз келеді» – деді сөз қорытындысында.