Bilimdi damytý , taratý, jeke tulǵ anyń tabysty bolashaq qurý áleýetin ashý jáne qanattandyrý!
AA+
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған  қ., Қаблиса жырау№211/2 Блок-Б.,
8 (7282) 40-10-87
8 (7282) 31-83-87
8 (7282) 41-61-51
8 (7282) 31-80-50
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
Bilimdi damytý , taratý, jeke tulǵ anyń tabysty bolashaq qurý áleýetin ashý jáne qanattandyrý!
«ЖОББ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ТАЛДЫҚОРҒАН АГРАРЛЫҚ - ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ МКК
AA+

«Экономикалық және бухгалтерлік пәндер» кафедрасының онкүндігі аясында Алматы облыстық «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ғимаратында «Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны мен қалыптасу шарттары» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел өткізу мақсаты - қазіргі кезде жастарды кәсіпкерлікке ерте жастан бейімдеп, экономикалық сауаттылықтарын арттырып, жеке іскерлік дағдыларын қалыптастырып, кәсіпкерлік қызметке бағыттау. Ұлттық кәсіпкерлер палата мамандырмен кездесіп, сұхбат жүргізілді. Алматы облысының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының директорының әлеуметтік мәселелері бойынша орынбасары Алмагуль Шегеевна Онгарбаева өз сөзінде студенттерге алдағы өмірде белгілі кәсіпкер болуларына тілек білдірді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының  Талдықорған қаласының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мемлекеттік сатып алу жөнінен маманы Арлан Алимбаев жас мамандарға мемлекеттің жас кәсіпкерлерге ұсынатын бағдарламасы, ол бағдарламаға қатысу үшін қандай бағыт таңдау қажет екенің, тиімді жақтары мен мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаржыландырылатынын атап өтті. Еліміз бен мемлекетіміздің дамуына келешек ұрпақ үлкен үлес қосады деген сеніммен дөңгелек үстел өз мақсатына жетті.