16.10.2018ж. Елбасы Н.Ә.Назарбавтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын қолдау мақсатында Талдықорған агро-техникалық колледжі студенттері Алматы облысы «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасының бірінші орынбасары Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлымен кездесу өткізіп, Жолдаудағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселері мен қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру міндеттері туралы пікір алмасты. Ғалиасқар Төлендіұлы мен колледж директоры студенттерге Жолдауда айтылған бағыттарды студенттерге түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді. Колледж жастары бұл Жолдау Қазақстан халқының ә-ауқатын көтеруге үлкен септігін тигізетініге сенімін білдірді.