11.10.2018ж Талдыкорган агро-техникалык колледжінде «Қызықты көңіл - студенттік өмір» атты студенттер қатарына қабылдау салтанаты кеші өтті. Салтанатты жиынға 2018 - 2019 оқу жылына қабылданған талапкерлер қатысты. Кеше ғана мектеп табалдырығында білім алып, үлкен арман әлемін шарлап, бүгінде студент атанып, арманның ақ тұлпарын мініп, білім әлемін шарлауға дайын тұр. Жас толқын жастардың жанарынан жарқын болашақ, үлкен арман - мұраттар байқалды.