21.02.2018ж. Талдықорған агро-техникалық колледж ұжымында «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбындағы, латын графикасына көшудің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат тарату, қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында жиын болып өтті. Жиын барысында колледж директоры Абыканова Сауле Кыдыраловна, топ жетекшілер әдіскері: Тойлыбаева Ғ.Н, орыс тілі пәнінің оқытушысы Ажибаева Г.Б, арнайы пәндер оқытушылары Керимкулова О.С, Сазанбаева С.А, Мұқанай Д. өз ойларын білдірді.Арнайы пәндерінің оқытушысы жас маман Ерғали Мейрам тақырыпқа орай қосымша өз ойын қосты.