Bilimdi damytý , taratý, jeke tulǵ anyń tabysty bolashaq qurý áleýetin ashý jáne qanattandyrý!
AA+
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған  қ., Қаблиса жырау№211/2 Блок-Б.,
8 (7282) 40-10-87
8 (7282) 31-83-87
8 (7282) 41-61-51
8 (7282) 31-80-50
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
Bilimdi damytý , taratý, jeke tulǵ anyń tabysty bolashaq qurý áleýetin ashý jáne qanattandyrý!
«ЖОББ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ТАЛДЫҚОРҒАН АГРАРЛЫҚ - ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ МКК
AA+

Талдықорған агротехникалық колледжінде Алматы облысының тілдері дамыту жөніндегі басқармасы, Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп «Латын графикасының емле ерекшеліктері» атты облыстық семинар - тренингі болып өтті. Аталған семинар - тренингті Алматы облысының тілдері дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А.Башбаев жүргізіп, тіл әлемдік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі ретінде экономикалық, ғылыми, мәдени және адами әлеуеті мол Қазақстанның болашақтағы дамуы жаһандану үрдісіне, өз бет - бейнесін сақтай отырып, тереңдей, кең ауқыммен енуіне және рухани жаңғыруына байланысты.

Бұл мәселеде қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру маңызды рөл атқаратынын атап көрсетті.

Сондай - ақ, семинар - тренингте І.Жансүгіров атындағы ЖМУ - нің кафедра меңгерушісі,PhD Г.Т.Чукенаева сөз алып: «Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатып, түркі және жаһандандық әлеммен ықпалдасуға, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып,ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады» - деп атап көрсетіп, латын графикасының емле ерекшеліктеріне терең тоқталды.