2017-2018 оқу жылының қыркүйек айының 21 жұлдызында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауды орындау және «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау мақсатында
«Мәңгілік ел-мәңгілік тіл» атты іс-шара өтті.
Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау.
Оқу ісін тәрбие жұмысымен ұштастыру мақсатында қазіргі жаһандану заманындағы ұрпақ тәрбиесі бүгінгі күннің күрделі мәселелерінің бірі, үлкен жауапкершілікті жан-жақты талап ететін үрдіс. Бүгінгі қоғамға лайықты азаматтарды ынтымағы жарасқан көп ұлтты мемлекетіміздің болашағы болар жас жеткіншектерге тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдеріне баулып, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттап, «Мәңгілік ел-мәңгілік тіл» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатын өткіздік.
Н.Назарбаевтың 1998 жылғы 20-қаңтардағы жарлығына сәйкес 22-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні болып аталатынын айта келе, ұлт пен ұлтты жақындастырар тіл құдіреті туралы мағлұмат берілді. Тәрбие сағаты үш тілде жүргізіліп, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауының тарауларына әр студент мағлұмат беріп, эмблемасын есте қалдыру мақсатында бейнесін құрап көрсетті.
Ақындардың қалам тартып, толғап жазған тіл туралы шығармалары мен шырқалған әндері де үш тілде орындалды,
сондай-ақ «Үш тұғырлы тіл-заман талабы» тақырыбында бейнефильм көрсетілді. Сонымен қатар, Қазақстан көпұлтты мемлекет екендігін көрсету мақсатында ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясының бір шаңырақ астындағы ұлт өкілдерінің ерекшеліктерін көрсетті.
Тәрбие сағатын өткізу арқылы студенттердің жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, басым көңіл бөлінді.