Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2018 жылдың 12 қыркүйек күні «Отбасы бақыт мекені» атты мерекесіне орай, «Алтын ұяң-Отан қымбат» ұранымен жеңіл атлетикадан жүгіру жарысы өтті.
Жарысқа колледждің І-ІІ курс студенттері белсене қатысты. Жарыстың шартына сәйкес студенттер ұлдар - 2000 м , қыздар – 1000 м қашықтыққа жүгіруден жарысты. Нәтижесінде ұлдар арасында : І орын Радиоэлоктроника және ақпараттық жүйе бөлімінің 237 топ студентті Мұқатай Ернұр , ІІ-орын Радиоэлоктроника және ақпараттық жүйе бөлімінің 237 топ студентті Асқарбек Аян , ІІІ орын Экономика-технологиялық бөлімінің 273 топ студентті Нұрлыбек Марат, қыздар арасында І орын Радиоэлоктроника және ақпараттық жүйе бөлімінің 237 топ студентті Райханқызы Ақерке ,ІІ орын Экономика-технологиялық бөлімінің 273 топ студентті Шарипова Гүлнүр,ІІІ орын Экономика-технологиялық бөлімінің 273 топ студентті Зекенова Айгерім иеленді.
Қатысушыларды әкімшілік тарапынан салауатты өмір салтын ұстануға тілектерін білдіріп,жеңімпаздар марапат қағазымен марапаттады.
Марапаттарыныз құтты болсын!