17.10.17ж. Алматы облысы жастар ресурстық орталығы жанында құрылған «Сырласу» қыздар клубының 2016 жылдың қорытындысы бойынша жастар саясатын жүзеге асыруға, соның ішінде қыздар тәрбиесіне де бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып колледждің «Гүлдер» жатақханасында «Қыз бала тәрбиесі» атты қыздармен сырласу өтті.
Сырласуға Алматы қаласы мешітінің ұстазы дін танушы Қасымова Анар Қанатқызы, жастарға қызмет көрсету орталығының психологы Садуова Алтын Еркінқызы және колледж психологы Абдрахманова Роза Болатқызы қатысып, қыздарды өздерін қалай ұстау керек екендігімен таныстырып, олардың өміріміздегі маңыздылығын түсіндіре отырып, жан – жақты мәліметтер берілді. Студенттер сұрақтарына толыққанды жауап берілді.