Талдықорғанда педагогтардың тамыз конференциясы өтіп, оған облыс әкімі Амандық Баталов пен ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Сәуле Қабимолдаева қатысты.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін жиында облыстың 500 - ден астам мұғалімі марапатталып, оларға «Құрмет» ордені, «Ы.Алтынсарин» «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгілері және басқа да наградалар тапсырылды.
Соның ішінде Талдықорған агро - техникалық колледжінің директордың тәрбие ісі-жәніндегі орынбасары Канапиев Жандос Жұманұлы Білім беру саласындағы ерекше енбек үшін «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды.