Колледжде «Үстеудің мағыналық түрлері» тақырыбында қазақ тілі орыс тілі, шетел тілі, информатика пәндерінен тәлімгер ұстаздар Жанна Мубараковна мен Айжан Мәлікқызы, жас мамандар Самал Ержанқызы мен Айнұр Нұрғожақызының ұйымдастырумен кіріктірілген сабақтың тағылымды үлгісі көрсетілді.
Модульдік- құзіреттілік тәсілдеме негізінде CLIL әдістемесі арқылы үш тілдің өзара байланысы мен бірізділігі айқындалды. Сабақта цифрландыру аясында АКТ-ның тиімді әдістері студенттердің кәсіби құзіреттілігін арттырудың бірден –бір құралы болды.