Бүгін Талдықорған агро-техниқалық колледжінде "Жігерлі жастар - жарқын болашақ кепілі" атты кеші өтті. Халқымыздың "Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра" - дейді. Көпті көруге бірден - бір мүмкіндік беретін мамандық ол- журналист мамандығы .
Тілші өз кәсіби майданында тілі жаңа шыққын сәбиден ел тізгінін ұстаған азаматтарға дейін сұхбат алып, сырлас болып жатады. Осындай бай қарым қатынас тәжірибесінен не түйгені бар, жүрегінде ұялаған арманы бар жастарға айтар қандай ақылы бар деп бүгін ортамызға кәсіби журналисті шақырдық ол Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры . Қазақстан Президенті сыйлығының иегері (2006 жыл), ҚР Мәдениет қайраткері Бейсен Құранбек Абайұлы