Bilimdi damytý , taratý, jeke tulǵ anyń tabysty bolashaq qurý áleýetin ashý jáne qanattandyrý!
AA+
ҚР, Жетісу облысы, Талдықорған  қ., Қаблиса жырау№211/2 Блок-Б.,
8 (7282) 40-10-87
8 (7282) 31-83-87
8 (7282) 41-61-51
8 (7282) 31-80-50
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
ОҚУҒА ТҮСУ
Bilimdi damytý , taratý, jeke tulǵ anyń tabysty bolashaq qurý áleýetin ashý jáne qanattandyrý!
«ЖОББ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ТАЛДЫҚОРҒАН АГРАРЛЫҚ - ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ МКК
AA+

Талдықорған агротехникалық колледжі музейінің меңгерушісі Баримбекова Айгүл Нұрсұлтанқызы

Агротехникалық колледжінің мұражайы –өз елінің мәдени-тарихи құндылықтарын бойына сіңірген, рухы мықты жанашыры - өнегелі мамандарын тәрбиелейтін колледждің ғылыми-ақпараттық, танымдық, тәрбиелік бө­лім­­шесі.

Мұражай- ғылыми зерттеу, мәдени - ағарту мекемесі болып табылады. Ол өткен дәуірден естелік болатын материалдар мен мәдени, рухани, бағалы мұраларды жинастырып, тарихи, ғылыми, көркем дүниелер негізінде келер ұрпақты тәрбиелеуге кең ауқымды мүмкіндік береді.

Негізгі мақсаты – халқымыздың бай мәдени, рухани мұрасын сақтау мен насихаттау, білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктерін дәріптеу болып табылады. 70 жыл тарихы бар колледждің мұражайы 2014 жылдан бастап жұмыс істейді.

Студент жастарды колледждің тарихымен, үлкен жетістіктерге жеткен түлектермен, ғылыми-жұмыс бағыттарымен, танымал қайраткерлерімен таныстыру, патриоттық және идеялық-рухани тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады.

Мұражай екі экспозалдан тұрады:

1-ші залында: Мұражайда колледждің қалыптасу тарихы мен дамуы туралы сыр шертетін экспонаттар орналастырылған. Колледждің көшбасында тұрған, оқу орнының негізін қалаған, көрнекті ғалымдардың фото-суреттері мен еңбектері де тарихтан сыр шертеді.

Сонымен қатар студенттерді отансүйгіштікке баулу мақсатында 2-ші экспозалында: Қазақстан Республикасы, Талдықорған қаласы жайында мағлуұмат берілген. Біз өз ұлтымыздың салт-дәстүрлерін өте қастерлейтін ұлтпыз. Салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесіндегі мәнісі зор. Тұрмыс-салт дәстүріндегі яғни қазақтың киіз үйі, жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдары  көрсетілген. Арнайы киіз үй мұражай төрінен ерекше орын алады.

Мұражайда барлық факультеттің экспозициялары қойылған. Онда факультеттердің оқу-әдістемелік жұмыстары, тарихтағы мазмұнды оқиғалары, сондай-ақ білім мен ғылымдағы жетістіктері көрсетілген.

Кім білер 70 жылдың қыр-сырларын,

Бұл орда қанша ғалым ұшырғанын.

Білімді мамандарды тәрбиелеп,

Оқытып талай қазақ қыз-ұлдарын.

«Тіл тарих және салт-дәстүр» бұрышы жас буынды халқымыздың жәдігерлерін құрметтеуге, танып-білуге бағыттайды. Колледж жастарының спорттағы жетістіктері, басқа да конкурс-бәйгелердегі табыстары өз алдына бір бөлімді құрайды.

Бүгінгі, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауындағы еліміздің жаңа тарихи кезеңге аяқ басуы аясындағы, Қазақстанға деген патриоттық сезімі жоғары, өзі түлеп ұшқан оқу орнын ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды құрметтеп, колледж мұражайының қорын байыту және түлектер алеясын көгалдандыру мақсатында колледж тәрбие жүйісі мен өлкетану пән оқытушылары ұйымдастырып отырған, «Болашағымның баспалдағы» тақырыбындағы кездесуге келген түлектер колледж мұражай аралап, өз ізгі тлектерін қалдырды.

Сотрудники Студия "Казахфильм" им Шакена Айманова во время сьемки фильма "Жеңімпаз" в честь Жаксылыка Ушкемпирова советского борца классического стиля, Олимпийского чемпиона, Героя труда Казахстана, заслуженного мастера спорта СССР, чемпиона мира.Первого этнического казаха, вольных степей. на базе нашего колледжа Режиссер даннного фильма Каирбеков Бахыт Гафуович сценарист переводчик, член союза писателей Казахстана, заслуженный деятель Казахстана,кавалер ордена "Кұрмет" посетили наш музей где оставили свои пожеления.