Топ жетекшілер кеңесінің төрағасы: Кандракулова Бибинур Тлегеновна
Туылған күні, айы, жылы: 13.03.1975 жыл.
Білімі: Жоғары. 2006 ж. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік Университеті..
Санаты, пәні, лауазымы: Жоғары, жоғары санатты, тарих және география пәндерінің оқытушысы, топ жетекшілер кеңесінің төрағасы
1.Топ жетекшілер әдістемелік бірлестігі–колледждің тәрбие үрдісін басқару жүйесінің бөліну құрлымы, белгілі мамандық тобында тәрбиеленіп және оқып жатқан студент бойынша топ жетекшілердің жұмыстарын ұйымдастыру.
2.1. Топ жетекшілердің тәрбие жұмысына байланысты педагогикалық және психологиялық сұрақтары бойынша ғылыми-әдістемелік, теориялық білімін көрсету дайындығының деңгейі.
2.2. Студент тәрбиесіне бірыңғай ұстаныммен әрекет етудің орындалуын қамтамасыз ету.
2.3. Топ жетекшілердің қазіргі үлгідегі тәрбиелеу технологияларымен, қазіргі үлгідегі білім алу үлгілері және жұмыс әдістерімен қарулануы.
2.4. Топ ұжымындағы тәрбиелік іс-шараларға педагогикалық сараптама жасау және ұйымдастыруды жоспарлауды үйлестіру.
2.5. Педагогикалық іс-тәжірибесі озық топ жетекшілердің жұмысын іс-тәжірибеде үйрену, жалпылау және қолдану.
2.6. Топ жетекшілер кеңесінің тәрбие жұмысы жүйесінің дамуына және құрылуына жәрдем көрсету.
3.1.Топ жетекшілер кеңесінің тіршілік әрекетіне ұжымдық талдау жасау және ұжымдық жоспарлауды ұйымдастыру.
3.2. Топ жетекшілерінің тәрбиелік іс-әрекетін ұйымдастыру және олардың өзара әрекетін ұйымдастыру.
3.3. Студенттер тәрбиесінің ұстанымдарын үнемі реттейді және өндіреді.
3.4. Топ жетекшілерге жаңа үлгідегі тәрбиелеу технологиялары, тәрбие жұмыстарының әдістері мен үлгілерін оқыту және меңгеруді ұйымдастыру.
3.5. Топ жетекшілердің аттестациядан өту материалын, алдыңғы педагогикалық тәжірибесі бар топ жетекшілердің материалын жалпылау, оқытушылардың шығармашылық топтарын және топ жетекшілердің әлеуметтік–педагогикалық мәселелер іс-әрекеттерін талқылау.
3.6. Топ жетекшілер кеңесі мүшелерінің жұмысын бағалайды, әкімшілік алдында үздік топ жетекшілерді көтеру жөнінде өтініш жасайды.
- Топ жетекшілер кеңесі мүшелерінің тізімі;
- Топ жетекшілер кеңесінің жұмысының жылдық жоспары;
- Топ жетекшілер кеңесі отырыстарының хаттамалары;
- Іс-әрекет бағдарламалары;
-Тақырыптық әкімшілік бақылау (анықтама, бұйрық көшірмесі) өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша аналитикалық материалдар;
- Топ жетекшілердің іс-әрекеттері және тәрбие жұмысына қатысты әдістемелік-нұсқаушылық құжаттар;
- Топ жетекшілер кеңесінің материалдары.
1. Өткен оқу жылдағы топ жетекшілер кеңесі жұмысының сараптамасы және студенттердің әлеументтік–педагогикалық жағдайяттардың дамуына қысқаша сараптама.
2. Топ жетекшілер кеңесінің педагогикалық міндеттері.
3. Топ жетекшілердің кәсіптік шеберлігін көтеру:
- Санатын көтеру курстарына қатысу;
- Конференцияға баяндама оқу;
- Мұғалімдердің аттестация бойынша жұмысы.
4. Топ жетекшілердің педагогикалық іс-тәжірибе жұмыстарын кеңейту және оқыту;
5. Тәрбие үрдісінде тақырыптық және арнайы бақылауға қатысу.
Топ жетекшілер кеңесінің жетекшісі
А) жауапты:
- Топ жетекшілер кеңесінің іс-әрекеттерінің өткізілуі және талдауы, дайындығына, жоспарлануына;
- бірлестік жұмыстары туралы уақытында құрылған құжаттар тізіміне және өткізілген іс-шараларға.
Б)тәрбие жұмысын топ жетекшілер кеңесі және директордың тәрбие жөніндегі орынбасарымен бірлесе жауап береді;
- тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ұстанымын қадағалау;
- топ жетекшілердің функционалдық міндеттерінің орындалуына;
- тәрбие жұмысының ғылыми –әдістемелік деңгейде көтерілуіне;
- топ жетекшілердің психологиялық- педагогикалық дайындықтарының жүзеге асуына.
В) ұйымдастырады:
- топ жетекшілердің өз-ара іс-әрекеттері;
- ашық іс-шаралар, семинарлар, конференциялар;
- педагогикалық іс-тәжірибеде қолдану, кеңейту және оқытуды;
- топ жетекшілердің тәрбие жұмысы бойынша сұрақтарына кеңестер.
Г) топ ұжымында тәрбиелік ашық іс-шараларға педагогикалық талдау және ұйымдастыру, жоспарларды үйлестіру.
Д) топ жетекшілер кеңесі тәрбие жұмысы жүйесінің дамуы және жетілуіне әрекеттену.