Жатақхана меңгерушісі: Макулбекова Айжан Бакытжановна.
Білімі - жоғары, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік Универсиеті Құқықтану факультеті, біліктілігі - Экономика және құқық негіздері.
Лауазымдық міндеттері. Жатақхананың қызмет көрсетуші мамандарының жұмысын басқарады. Жатақханаға келгендердің орналасуын жүзеге асырады, жатақханаға орналасқан және шығып кеткен азаматтардың уақытылы және дұрыс тіркелуін қадағалайды. Бөлмелерді жиыстыруды ұйымдастырады және ұйықтайтын бөлмелерде және ортақ пайдалану орындарында тазалықтың сақталуын қадағалайды. Жатақхана электр желісінің, байланыстың, су құбырының, канализацияның және жабдықтың дұрыс жұмысын қадағалайды. Мүліктің және басқа да қажетті мүліктің берілуі мен қабылдауын қамтамасыз етеді. Жатақханадан шығатындардың аралап шығу парағына белгі қояды немесе берешегі жоқ екені туралы анықтама береді. Қолданыстағы мүліктің есебін жүргізеді, оны мерзімдік тексеруді және сақталуын қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда мүлікті, жатақхана тұрғындары бүлдірген немесе жоғалтқан материалдық құндылықтарды шығынға жатқызуға актілерді құрастырады, белгіленген тәртіпте кінәлі тұлғалардан олардың құнын өндіруге құжаттарды рәсімдейді. Жатақхананы қажетті мүлікпен, жабдықпен, құрал - жабдықпен және өртке қарсы қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуін қадағалайды, өртке қарсы қорғау ережелерінің орындалуын бақылайды. Санитарлық және өрт қадағалау жазба кітабын, сонымен қатар арыздар мен шағымдар кітабын жүргізеді, көрсетілген кемшіліктерді жою, жатақханада тұратындар және қызмет көрсету персоналы арасында пайда болатын даулы жағдайларды шешу бойынша шараларды қабылдайды. Мәдени - бұқаралық және тәрбиелік жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз етеді.
ЖАТАҚХАНАҒА ОРНАЛАСУ ЖӘНЕ ОНДА ТҰРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Жатақханада тұрушыларға арналған белгілі бір жүріс - тұрыс нормалары белгіленген, оларды міндетті түрде сақтау керек. Бұл нормалар ішкі тәртіп ережелері немесе Тұру ережелері деп аталады.
- Кез келген жатақхананың әкімшілігі кез келген уақытта тұрғыннан өзінің жеке заттарын көрсетуді сұрай алады. Тұрғын оған қарсылық білдіре алмайды. Әдетте мұндай жағдайлар тұрғыннан жатақхана ғимаратына тыйым салынған заттарды және құралдарды, мысалы, қару - жарақты, есірткіні, ішімдікті, жарылу қаупі бар заттарды және т.б. алып кірді деп күдіктенген кезде туындайды.
- Жатақхана әкімшілігі кезеңімен жоспарлы немесе жоспардан тыс тексерулер жасап отырады. Әкімшілік өкілі кез келген сәтте тұрғынның бөлмесіне кіріп, оның жағдайын тексере алады, және тұрғын оны кіргізуге міндетті.
- Егер тұрғын өртті, апатты, құбырдың ағуын немесе қандай да бір оқыс оқиғаны көзі шалса, ол қажетті шаралар қабылдануы үшін бұл туралы дереу әкімшілік өкіліне хабарлауға міндетті.
- Әрбір тұрғын өз бөлмесіндегі тазалық пен тәртіп үшін жауапкершілік арқалайды.
- Жатақханадағы гигиена нормалары сақталуы үшін тұрғындарды желінбей қалған асты дереу жинауға міндеттейді. Оны бөлмеде немесе басқа жерлерде қалдыруға болмайды.
- Жатақхана аумақтарында әдетте шылым шегуге тыйым салынады. Әрбір тұрғын өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтарды сақтауы тиіс.
- Тұрғын жатақханада тұрған кезде өзінің пайдалануындағы жиһазға, тұрмыстық техникаға және басқа да заттарға ұқыпты қарауға міндетті. Қандай да бір мүлік бүлінген жағдайда тұрғынды келтірілген шығын мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттейді.
- Тұрғындар қоқысты ол үшін арналған орынға тастауға міндетті (мысалы, қоқыс жәшіктері немесе қоқыс құбыры).
- Кірді жуу және кептіруге жатақханада арнайы жай жасалады. Басқа жерлерде кір жууға және кептіруге тыйым салынады.
- Асты тек асүйде дайындауға болады, асты бөлмеде әзірлеуге тыйым салынады.
- Тұрғын белгілі бір сағаттарда (әдетте 23.00 мен 07.00 аралығында) шуламауы және жатақханадағы көршілерінің тынышын бұзбауы тиіс.
- Бөлмеден шыққанда жарықты және барлық электр құралдарын сөндіру керек.
І. Жалпы ережелер
Білім мекемесінің жатақхана бойынша кезекшісі техникалық орындаушылар категориясына жатады, білім мекемесі басшысының бұйрығымен жұмысқа қабылданады және жұмыстан босатылады.
Білім мекемесінің жатақхана бойынша кезекшісі қызметіне орта білім бар тұлға тағайыгдалады, одан жұмыс өтілі талап етілмейді.
Білім мекемесінің жатақхана бойынша кезекшісі өз қызметінде:
- Сәйкес сұрақтарды ретке келтіретін заңнамалық және нормативті құжаттарды;
- Өзінің қызметіне қатысы бар әдістемелік материалдарды;
- Мекеме басшысының бұйрықтарын;
- Еңбек гигиенасының ережелері мен нормаларын, еңбек күн тәртібінің ережелерін;
- Осы қызметтік нұсқаулықты басшылыққа алады.
Білім мекемесінің жатақхана бойынша кезекшісі:
- Оқу орнының жатақхана бойынша кезекшісінің рөлі мен міндеттерін, жатақхананың ішкі тәртіп ережесін;
- Жылыту және сумен қамтамасыз ету жүйесінің ережесін;
- Тұрмыстық электр және газ құралдарын пайдалану ережесін;
- Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігінің ережесі мен нормаларын білуі тиіс.
ІІ. Қызметтік міндеттері
Жатақхананың рұқсаттама режиміне және күзетіне жауап береді.
Орнатылған рұқсаттама бойынша жатақханаға кіруді, келушілерді арнайы күн мен уақыт мерзімінде кіргізуді қамтамасыз етеді.
Жатақханада қоғамдық меншіктің сақталуын қадағалайды, жатақханада тұратындарға тиесілі емес заттарды қажетті жағдай болмаса кіргізуге рұқсат етпейді.
Мерзімді қадағалау жүргізіп отырады, қосалқы шығыс есіктеріндегі, шатыр мен басқа да бөлмелердегі құлыптардың дұрыс жұмыс істеп тұрғандығын тексереді.
Кілттерді береді және олардың қауіпсіздігіне жауап береді.
Студенттердің ішкі күн тәртібінің ережелерін сақтауын қадағалайды.
Жылыту, су, жылу, газ және электр, кәріз жүйесінің, өрт шығу қаупі бар ошақтарындағы апатты жағдайды жою үшін шұғыл шешім шығарады.
Қажет болған жағдайда төтенше және өртке қарсы қызметті, оқу орны әкімшілігінің өкілін шақырады.
Науқас білім алушыны, студент немесе аспирантты медициналық кабинетке ауыстыруды және қызмет көрсетуді ұйымдастырады.
Қажет болған жағдайда медициналық жедел жәрдем шақырады.
Журналда қажетті жазбалар жүргізеді.
Кезекшілік уақытында орын алған жағдайды оқу орнының әкімшілігіне хабарлайды.
ІІІ. Құқықтары
Білім мекемесінің жатақхана бойынша кезекшісі:
Осы нұсқаулықта қарастырылған қызметтік міндеттерімен байланысты жұмысын жақсарту үшін ұсыныстар енгізуге;
Өзінің міндеттерін сапалы орындау үшін қажетті құжаттармен және ақпараттармен танысуға;
Белгіленген тәртіп бойынша өзінің біліктілігін арттыруға;
Өзінің міндеттерін жүзеге асыру үшін басшылықтан қолдау көрсетуін талап етуге құқы бар.
- Жауапкершілік
Білім мекемесінің жатақхана бойынша кезекшісі:
- Аталған қызметтік нұсқаулықта көрсетілген, қолданыстағы еңбек заңнамасының шегінде қызметтік міндеттерін (орындауға жатпайтын) орындамағаны үшін;
- Өзінің қызметін жүзеге асыру барысында қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамалар шегінде құқық бұзушылықтар жасағаны үшін;
- Қолданыстағы еңбек, қылмыстық және азаматтық заңнамалар шегінде материалды залал келтіргені үшін жауапкешілікке тартылады.
Жатақхана құрамы:
- Макулбекова Айжан Бакытжановна - жатақхана коменданты.
- Ахметова Сандуғаш Сырымбетовна - кір жуғыш машина операторы.
- Мурашева Қарлығаш Саркытбаевна - еден жуушы.
- Базаралина Салтанат Өзбековна - еден жуушы.
- Мұтай Советхан - аула сыпырушысы.
Талдықарған аграрлық - технологиялық колледжі
« Гулдер» жатақханасы
Жатақхана 324 студентті орнымен қамтамасыз ете алады, бұл жерде тұрмысқа қажетті барлық жағдайлар жасалған. Жатақхана күрделі жөндеуден және сейсмикалық тіреуден өтті. Жатақханада арнайы тәрбиеші мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының басшылығымен студенттермен әр түрлі тәрбие жұмыстары өтіп, салауатты өмір салтын насихаттайтын, тақырыптық және мәдени шаралар, студенттерге арналған әр бейсенбі сайын би кештері ұйымдастырылады. Колледж әкімшілігі жатахқанада тұратын студенттердің ата - аналарымен үнемі тығыз байланыста болады. Тәрбиеші мен оқытушылар студенттерге қоғамдық ортада өзін - өзі ұстауы жайлы бағыт беріп отырады. Жатахқанада оқу залы, үстел теннисін ойнайтын зал, компьютерлік класс, тренажер залы, музыкамен айналысатын бөлме, этаждарда демалыс бөлмелері теледидарлармен, шахмат - шашки ойнайтын столдармен жабдықталған.